
Амал мерекесіне орай Жаңаөзен қаласы гарнизонының құтқарушылары жас құтқарушылардың қатысуымен мерекелік іс-шара өткізді. Шара барысында қатысушыларға Наурыз мейрамының мәні мен маңызы түсіндіріліп, ұлттық салт-дәстүрлер насихатталды.
Сонымен қатар құтқарушылар балалар мен тұрғындарға төтенше жағдайлардың алдын алу, қауіпсіздік ережелерін сақтау және қиын жағдайда дұрыс әрекет ету жолдары туралы түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Іс-шараның мақсаты – ұлттық құндылықтарды дәріптеу, жас ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және халықтың қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттыру.
Жаңаөзен қаласы гарнизоны алдағы уақытта да тұрғындардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету бағытындағы түсіндіру жұмыстарын жалғастыра береді.
Маңғыстау облысы ТЖД