Түпқарағанда «Жас құтқарушы» сыныбы ашылды

Түпқарағанда «Жас құтқарушы» сыныбы ашылды

Түпқараған ауданы Е.Өмірбаев атындағы жалпы орта білім беретін мектебінде маңызды әрі ерекше бастама – “Жас құтқарушы” сыныбы ашылды.

Бұл сыныпта оқушылар төтенше жағдайлар кезінде дұрыс әрекет етуді, алғашқы медициналық көмек көрсетуді, қауіпсіздік ережелерін сақтауды және түрлі қауіп-қатердің алдын алу жолдарын үйренеді. Сонымен қатар олар құтқару қызметінің негізгі бағыттарымен танысып, практикалық дағдыларды меңгереді.Аталған игі шараға Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті бастығының орынбасары Нұрлыбек Өзбекұлы Айжарықов қатысып, оқушыларға сәттілік тілеп, бұл бастаманың жас ұрпақтың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастырудағы маңызын атап өтті.

Мұндай бастамалар оқушылардың бойында батылдық, жауапкершілік, ұйымшылдық және қиын жағдайда дұрыс шешім қабылдай білу қабілеттерін дамытады. Батылдық пен жауапкершілікті бойына сіңірген жас құтқарушылар – елдің қауіпсіз болашағы. Жас құтқарушыларға сәттілік тілейміз!

Маңғыстау облысы ТЖД