
2026 жылғы 5 наурызда Ақтау қаласының ТЖБ қызметкерлері, өнеркәсіптік басқармасы және қала әкімдігі өкілінің қатысуымен қала аумағындағы қоғамдық тамақтану нысандарының өртке қарсы жағдайы бойынша профилактикалық жұмыстар жүргізді.
Іс-шара барысында ерекше назар келесі мәселелерге аударылды:
• Қазақстан Республикасының өрт қауіпсіздігі саласындағы заңнамалық талаптарын сақтау;
• эвакуациялық шығу жолдарының жағдайы мен қолжетімділігі;
• газ жабдықтарын пайдалану ережелерінің сақталуы.
Іс-шараның негізгі мақсаты – төтенше жағдайлардың алдын алу және қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін қамтамасыз ету.
Қоғамдық тамақтану нысандарының иелері мен әкімшілерін өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтауға жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.
Маңғыстау облысы ТЖД