Маңғыстау облысында су тасқыны кезеңі бақылауда

Маңғыстау облысында су тасқыны кезеңі бақылауда

Маңғыстау облысы ТЖД Төтенше жағдайларды алдын алу басқармасының қызметкерлері су тасқыны кезеңіне дайындық және гидрометеорологиялық жағдайды мониторингтеу мақсатында су басу қаупі бар учаскелерге аэровизуалды тексеру жүргізді.

Іс-шара «Қазгидромет» РМК және Су ресурстары және ирригация басқармасы қызметкерлерімен бірлесіп ұйымдастырылды.

Әуе арқылы шолу барысында Бейнеу ауданы, Маңғыстау ауданы және «Сарықабақ» гидротехникалық құрылысы тексерілді.

Тексеру нәтижесінде облыс аумағында қар жамылғысының шоғырлануы анықталған жоқ. Елді мекендер мен инфрақұрылым нысандарына су басу қаупі жоқ.

Маңғыстау облысы ТЖД