Маңғыстау облысы: суға шомылу маусымына дайындық, азаматтық қорғаныс және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері қаралды

Маңғыстау облысы: суға шомылу маусымына дайындық, азаматтық қорғаныс және өнеркәсіптік қауіпсіздік мәселелері қаралды

24 ақпанда облыс әкімінің төрағалығымен төтенше жағдайлардың алдын алу және жою жөніндегі комиссия отырысы өтті.

Жиында өңірдің суға шомылу маусымына дайындығы, азаматтық қорғаныс жүйесінің әзірлігі және өндірістік нысандардағы қауіпсіздік талаптарының сақталуы жан-жақты талқыланды.

Атап айтқанда, жағажайлардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, су айдындарында құтқару бекеттерін жасақтау, арнайы техника мен құрал-жабдықтардың дайындығы, сондай-ақ тұрғындар мен туристер арасында түсіндіру жұмыстарын күшейту мәселелері қаралды. Бұл шаралар жаз мезгілінде адам өмірі мен денсаулығын сақтау, жазатайым оқиғалардың алдын алу және өңірдің туристік әлеуетін арттыруға бағытталған.

Сонымен қатар азаматтық қорғаныс жүйесінің дайындығы, төтенше жағдайлардың алдын алу, өндірістік қауіпсіздік талаптарын сақтау және ықтимал апаттар мен өндірістік жарақаттардың алдын алу бойынша атқарылып жатқан жұмыстар сараланды.

Отырыста «112» қызметінің жедел әрекет ету қабілетін арттыру, хабарламаларды қабылдау мен өңдеу сапасын жақсарту және материалдық-техникалық базаны нығайту мәселелері де көтерілді. Бұл төтенше жағдай кезінде уақытылы көмек көрсетуге және қызметтердің үйлесімді жұмысын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

Комиссия отырысының қорытындысы бойынша жауапты мемлекеттік органдарға нақты тапсырмалар беріліп, қауіпсіздік шараларын күшейту және дайындық жұмыстарын жүйелі түрде жүргізу міндеттелді.

Маңғыстау облысы ТЖД