
Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты ұйымдастырған «Senat Open» ашық біріншілігі аясында ағымдағы жылдың 14 ақпанында Маңғыстау облысында күштік және құқық қорғау органдары өкілдері арасында шахматтан іріктеу турнирі өтті.Жарысқа барлығы 120 адам қатысты, оның ішінде Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері де бар.
Турнир қорытындысы бойынша департаменттің 5 қызметкері ширек финалға жолдама алды. Сонымен қатар, азаматтық қорғау майоры, Төтенше жағдайларды жою басқармасының бастығы Усенов Бақытжан Бекжанұлы жүлделі ІІІ орынға ие болды.
Маңғыстау облысы ТЖД