
Қасиетті Рамазан айы қарсаңында Жаңаөзен қаласында орналасқан мешіттерде өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау бойынша профилактикалық үгіт-насихат және түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Іс-шара барысында Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері имамдарға, мешіт қызметкерлеріне және жамағатқа өрт қауіпсіздігі ережелерін сақтау шараларын түсіндірді.
Рамазан айында мешіттерге келушілер саны бірнеше есеге артады. Осыған байланысты Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды мұқият және сақ болуға шақырады. Өрт немесе төтенше жағдай туындаған жағдайда 101 немесе 112 нөмірлеріне дереу хабарлау қажет.
Маңғыстау облысы ТЖД