
Жылыту маусымында өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтау мақсатында Жетібай ауылының тұрғындарымен азаматтық қорғау органдары қызметкерлерінің, авариялық газ қызметінің, жергілікті атқарушы органдар мен полиция өкілдерінің қатысуымен профилактикалық іс-шара ұйымдастырылды.
Іс-шара барысында тұрғындарға жылыту құралдарын, сондай-ақ газ және электр жабдықтарын пайдалану кезіндегі қауіпсіздік талаптары түсіндірілді. Өрттің алдын алу бойынша ақпараттық жадынамалар таратылып, мұржаларды уақытылы тазалау, ақаулы жылыту құралдарын пайдаланбау және балаларды қараусыз қалдырмау жөнінде ұсынымдар берілді. Сонымен қатар, мамандар тұрғын үйлердегі қазандықтардың жағдайына, газ жабдықтарының герметикалығына және электр желілеріне түсетін жүктемеге визуалды тексеру жүргізді. Анықталған кемшіліктер бойынша тиісті ұсынымдар берілді.
Әлеуметтік осал топтарға жататын отбасыларға ерекше назар аударылып, олармен қауіпсіздік талаптарын сақтау жөнінде жеке түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Тұрғындарға төтенше жағдай туындаған жағдайда «101» және «112» нөмірлеріне хабарласу қажеттігі еске салынды, сондай-ақ алғашқы кезектегі іс-қимыл алгоритмі түсіндірілді.
Мұндай іс-шаралар жылыту кезеңінде өрттердің және көмірқышқыл газынан улану жағдайларының алдын алуға, халық арасында қауіпсіздік мәдениетін арттыруға бағытталған.
Маңғыстау облысының ТЖД