
Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінде түсіндіру жұмыстары аясында Қазақстан Республикасы Конституциялық реформасы мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Кеңес Департамент бастығы, полковник Мұрат Мұхановтың төрағалығымен өткізілді.Жеке құрамды ақпараттандыру мақсатында қызметкерлерге Қазақстан Республикасының жаңа Конституциясының жобасы таныстырылып, оның мемлекеттілікті нығайтудағы, заңдылық қағидаттарын бекітудегі және елдің орнықты дамуын қамтамасыз етудегі ерекше маңызы атап өтілді.Реформаның негізгі ережелерін түсіндірумен заң бөлімінің бастығы сөз сөйледі. Ол өз баяндамасында ұсынылып отырған өзгерістерді терең түсінудің, олардың құқықтық салдарын пайымдаудың, сондай-ақ жаңартылған Негізгі заң нормаларын іске асырудағы әрбір Қазақстан Республикасы азаматының рөлінің маңыздылығын атап өтті.
Маңғыстау облысы ТЖД