
Қазақстан Республикасы Президенті Аппаратының мемлекеттік инспекторы Бисенбай Тәжібаевтың төрағалығымен су тасқыны кезеңіне дайындық мәселелері бойынша жұмыс кеңесі өтті.
Кеңес барысында Жаңаөзен қаласының, сондай-ақ Мұнайлы және Бейнеу аудандарының әкімдері су тасқынына дайындық барысы туралы баяндама жасап, атқарылып жатқан жұмыстар мен өзекті проблемалық мәселелер жөнінде ақпарат ұсынды.
Кеңес қорытындысы бойынша проблемалық мәселелер жан-жақты қаралып, оларды шешудің басым бағыттары айқындалды, жергілікті атқарушы органдар қызметінің тиімділігін арттыруға бағытталған нақты тапсырмалар берілді.
Кеңес барысында әкімдердің су тасқыны кезеңіне дайындықтың ағымдағы жай-күйі туралы есептері тыңдалды.
Маңғыстау облысы ТЖД