
Қысқы кезеңдегі судағы қауіпсіздік шаралары бойынша теңізге түсушілерге түсіндірме жұмыстары жүргізілді
Қыс мезгілінде су айдындарындағы қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында халық арасында түсіндірме жұмыстары ұйымдастырылды. Іс-шара барысында тұрғындарға, теңіз жағасында демалушыларға және суға түсушілерге мұз үстінде жүру кезіндегі қауіп-қатерлер, рұқсат етілмеген жерлерде суға түспеу қажеттігі және төтенше жағдай туындаған кезде атқарылатын әрекеттер түсіндірілді.
Сонымен қатар, қысқы кезеңде суға шомылушылардың (морждардың) қауіпсіздігіне ерекше назар аударылып, жадынамалар таратылды.
Жүргізілген жұмыстардың басты мақсаты — жазатайым оқиғалардың алдын алу және тұрғындардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру болып табылады.
Маңғыстау облысы ТЖД