Ақтау қаласы әкімінің Маңғыстау облысы ТЖД-не жұмыс сапары

Ақтау қаласы әкімінің Маңғыстау облысы ТЖД-не жұмыс сапары

 

Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасында қала әкімі   Әбілқайыр Байпақов Жанайұлы  төтенше жағдайлар қызметінің бірқатар нысанының жұмысымен танысты.

Сапар барысында шаһар басшысы №13 өрт сөндіру бөліміне және жедел құтқару жасағына барып, жеке құрамның қызмет ету жағдайын, техникалардың дайындығын және материалдық-техникалық жарақтандырылуын көріп шықты.

Қала әкімі төтенше жағдайлар қызметінің жұмысына оң баға беріп, қала қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі құтқарушылар мен өрт сөндірушілердің маңызды әрі жауапты қызметін атап өтті.

Айта кетейік, Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасында 237 қызметкер қызмет атқарады. Басқарма құрылымында №1 және №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімдері, №13 өрт сөндіру бөлімі және №14 өрт сөндіру бекеті жұмыс істейді. Басқарманың теңгерімінде 43 бірлік техника бар, оның ішінде 20 негізгі, 14 арнайы және 9 көмекші техника төтенше жағдайлардың алдын алу және оларды жоюға жұмылдырылған.

 

Маңғыстау облысы ТЖД