
Төтенше жағдайлар департаментінде өнеркәсіптік кәсіпорындардың өкілдерімен Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтыруларды түсіндіруге арналған кеңес өтті.
Кеңес ТЖД бастығының орынбасары — Абабукиров Нұрқожа Тағанұлының төрағалығымен өткізілді.
Кездесу барысында қатысушыларға 2025 жылғы 24 маусымдағы № 196-VIII «Азаматтық қорғау, электр энергетикасы және мемлекеттік мүлікті басқару мәселелері бойынша Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Қазақстан Республикасының Заңына сәйкес «Азаматтық қорғау туралы» Қазақстан Республикасының Заңына енгізілген өзгерістер мен толықтырулар өнеркәсіптік қауіпсіздік саласы бойынша түсіндіріліп, олардың әрқайсысына жеке-жеке тоқталынды.
Сондай-ақ Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрінің 2025 жылғы 10 желтоқсандағы № 536 бұйрығымен Қазақстан Республикасы Инвестициялар және даму министрінің 2014 жылғы 30 желтоқсандағы № 355 «Мұнай және газ салаларындағы қауіпті өндірістік объектілер үшін өнеркәсіптік қауіпсіздікті қамтамасыз ету қағидаларын бекіту туралы» бұйрығына өзгерістер мен толықтырулар енгізілгені хабарланды.
Кеңес қорытындысы бойынша Н. Т. Абабукиров енгізілген толықтырулардың авариялардың алдын алуға және тәуекелдерді азайтуға бағытталғанын атап өтіп, оларды іс жүзінде қолдану кәсіпорындарда ішкі құжаттар мен процестерді уақтылы түзетуді талап ететінін айтты. Сондай-ақ ұйым басшыларын енгізілген өзгерістерді мұқият зерделеуге, жаңа талаптарға алдын ала дайындалуға және осы өзгерістерге бейімделу жұмыстарын қазірден бастауға шақырды.
Диалог форматында өткен кеңес барысында қатысушылар өздерін қызықтырған сұрақтарын қойып, Қазақстан Республикасының «Азаматтық қорғау туралы» Заңының жаңартылған нормаларын практикада қолдану бойынша түсіндірмелер алды.
Төтенше жағдайлар департаменті өнеркәсіптік қауіпсіздік деңгейін арттыру және заңнама талаптарының мүлтіксіз сақталуын қамтамасыз ету мақсатында түсіндіру жұмыстарын жалғастыратын болады.
Маңғыстау облысының ТЖД