Өрт сөндіруші жүргізушілеріне арналған семинар өтті

Өрт сөндіруші жүргізушілеріне арналған семинар өтті

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің құрылымдық бөлімше басшылары және жүргізуші құрамымен Ақтау қаласы Полиция басқармасы патрульдік полиция батальонының қызметкерлерінің қатысуымен өрт сөндіру автокөліктерін басқаратын жүргізушілерге арналған жол жүру ережелері бойынша семинар-кеңес өткізді.

Мақсат – арнайы көліктердің жолда кедергісіз әрі қауіпсіз қозғалуы, жол-көлік оқиғаларының алдын алу және жүргізушілердің құқықтық сауатын арттыру.

 Полиция қызметкерлері:

▪️ Арнайы жарық пен дыбыстық сигналдарды пайдалану тәртібін,

▪️ Басымдық ережелерін,               

▪️ Қиын жағдайларда дұрыс әрекет ету жолдарын түсіндірді.

 Қатысушылар нақты мысалдар талқылап, тәжірибе алмасты.

Мұндай шаралар арнайы қызмет пен полиция арасындағы өзара ынтымақтастықты күшейтіп, қала тұрғындарының қауіпсіздігіне оң әсер етеді.