"Өзіңді тексеріп – қауіпсіз бол" акциясы өтуде

"Өзіңді тексеріп – қауіпсіз бол"  акциясы өтуде

Өрт қауіпсіздігі саласында профилактикалық және консультациялық жұмыстар жүйелі түрде күшейтілуде. Осы бағытта тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі мәдениетін арттыру, өрт дабылын тексеру тәртібін түсіндіру, оны дұрыс пайдалану және тұрмыстық қауіпсіздікті қамтамасыз ету мақсатында «Өзіңді тексеріп – қауіпсіз бол» акциясы өткізілуде.

Акция аясында азаматтарға өрттің алдын алу шаралары бойынша кеңестер беріліп, өрт қауіпсіздігі талаптарын сақтаудың маңыздылығы жан-жақты түсіндірілді. Мамандар тұрғын үйлерде орнатылған өрт дабылдарының жарамдылығын тұрақты тексеру, электр және газ құрылғыларын қауіпсіз пайдалану, ашық отты абайсыз қолданбау қажеттігін ескертті.

Сонымен қатар, өрт туындаған жағдайда дұрыс әрекет ету алгоритмі, эвакуациялау жолдары және төтенше жағдай қызметтеріне дер кезінде хабарласудың маңыздылығы туралы ақпарат берілді. Мұндай профилактикалық іс-шаралар азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және өрт оқиғаларының алдын алуға бағытталған