
Рахат ауылында Жаңаөзен қаласы әкімінің орынбасары Нұрберген Худибаев пен Жаңаөзен қаласының төтенше жағдайлар бөлімі қызметкерлері «РЦКУ-Актау» ЖШС, «QazaqGazAimaq» АҚ өкілдері және ауылдық әкімдікпен бірлесіп, жылыту маусымының қауіпсіз өтуі мәселелері бойынша тұрғын үйлерді аралады.
Іс-шараның негізгі мақсаты – тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі талаптарын түсіндіру және көміртек тотығымен уланудың алдын алу.
Тексеру барысында тұрғын үйлердегі жылыту пештерінің жағдайы, газ жабдықтарының жарамдылығы, электр сымдарының қауіпсіздігі қаралып, нақты ұсыныстар берілді.
Тұрғындарға пеш және газ жабдықтарын дұрыс пайдалану, үй-жайларды үнемі желдету, түтін мұржаларын уақтылы тазалау тәртібі түсіндірілді.
Тұрмыстық өрттердің алдын алу және төтенше жағдайлар туындаған жағдайда тұрғындардың іс-қимылдарына ерекше назар аударылды. Тұрғындарға ақпараттық жадынамалар таратылды.
Маңғыстау облысының ТЖД