
Теңге ауылында №11 өрт сөндіру бөлімінің басшылығы №17 жалпы білім беретін орта мектептің 9, 10, 11-сынып оқушыларымен кәсіби бағдар беру кездесуін өткізді.
Іс-шара барысында оқушыларға азаматтық қорғау органдарындағы қызмет, өрт сөндіруші-құтқарушы мамандығының міндеттері мен маңыздылығы, сондай-ақ ҚР ТЖМ Мәлік Ғабдуллин атындағы Азаматтық қорғау академиясына түсу шарттары мен тәртібі туралы ақпарат берілді.
Мектеп оқушылары талапкерлерге қойылатын талаптармен, іріктеу кезеңдері, оқу үдерісімен және болашақта жұмысқа орналасу мүмкіндіктерімен танысты.
Кездесу оқушылардың үлкен қызығушылығын тудырып, болашақ мамандықты саналы түрде таңдауға бағытталған маңызды қадам болды.
Маңғыстау облысының ТЖД