Өзіңді тексер — өміріңді сақта!

Өзіңді тексер — өміріңді сақта!

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаменті тұрмыста және өнеркәсіп орындарында өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, өрттің алдын алу және азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін арттыру мақсатында тұрғындарға кеңес беру және ақпараттандыру үшін жедел желі іске қосты. Жедел желі арқылы өрт қауіпсіздігі талаптары, газ және электр құралдарын дұрыс пайдалану, қауіпті жағдайлардың алдын алу, сондай-ақ туындаған сұрақтар бойынша кәсіби түсіндірме алуға болады. Байланыс телефоны: 8 (7292) 701 719. Жұмыс уақыты: 09:00–18:30, үзіліс уақыты: 13:00–14:30, жұмыс күндері: дүйсенбі–жұма. Өрт қауіпсіздігі — әр отбасының амандығы, бейжай қалмаңыз, өз қауіпсіздігіңізге жауапкершілікпен қараңыз.

Маңғыстау облысы ТЖД