Өңірде балалардың дамуына арналған «Болашақ сарайы» іске қосылды

Өңірде балалардың дамуына арналған «Болашақ сарайы» іске қосылды

Облыс әкімі Нұрдәулет Игілікұлы балалар мен жасөспірімдерге арналған заманауи білім беру орталығы – «Болашақ сарайының» салтанатты ашылу рәсіміне қатысып, нысанның лентасын қиды.

«Болашақ сарайы» – өскелең ұрпақтың білім алып, шығармашылық қабілеттерін дамытуына, зияткерлік және тұлғалық тұрғыда жан-жақты қалыптасуына мүмкіндік беретін көпфункционалды орталық. Мұнда балалар мен жасөспірімдер қосымша білім беру бағдарламалары бойынша оқып, түрлі үйірмелер мен секцияларға қатыса алады.

Сондай-ақ орталық базасында жас құтқарушылар сыныбы ашылды. Аталған сыныпта оқушыларға төтенше жағдайлар кезіндегі дұрыс іс-әрекет ету, өрт қауіпсіздігі қағидалары, алғашқы медициналық көмек көрсету бойынша теориялық және практикалық білім беріледі. Сабақтар тәжірибелі мамандардың қатысуымен өткізіліп, балалардың өмірлік маңызды дағдыларды меңгеруіне бағытталады.

Жаңа орталықтың ашылуы – өңірде балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету, олардың әлеуетін арттыру және сапалы білімге қолжетімділігін кеңейту жолындағы маңызды қадам.
Өскелең ұрпақтың қауіпсіздігі мен жарқын болашағы – басты назарда!

Маңғыстау облысы ТЖД