
Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінде өткен жылғы жұмыс қорытындысы бойынша бастық, полковник Мұханов Мұраттың басшылығымен жедел кеңес өтті.
Кеңес барысында 2025 жылдың екінші жарты жылдығындағы қызметтік қызметтің негізгі нәтижелері және алдағы кезеңге арналған басым міндеттер, жедел ден қою, төтенше жағдайлардың алдын алу және бөлімшелердің дайындық деңгейін арттыру мәселелері қаралды.
Департамент бастығының орынбасарлары, сондай-ақ Департаменттің құрылымдық, аумақтық және ведомстволық бағынысты бөлімшелерінің бастықтары баяндама жасап, өз бағыттары бойынша атқарылған жұмыстар туралы хабардар етті, алдағы кезеңге арналған проблемалық мәселелер мен басым міндеттерді белгіледі.
Кеңес қорытындысы бойынша жаңа жылға арналған қызметтің негізгі бағыттары айқындалды, жұмыстың тиімділігін арттыруға және халықтың қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған тиісті тапсырмалар берілді.
Маңғыстау облысы ТЖД