Өрт сөндіру пункті Қызан ауылында жұмысын бастады

Өрт сөндіру пункті Қызан ауылында жұмысын бастады

1750 адамнан тұратын Қызан ауылының және 1190 адамнан тұратын жақын маңдағы Ақшымырау ауылының тұрғындары қосымша қорғанысқа ие болды-елді мекендерге өрттерге және басқа да төтенше жағдайларға жедел ден қоюға арналған өрт сөндіру пункті жұмысын бастады.

         Жаңа нысан оқиға орнына күштер мен құралдардың келу уақытын едәуір қысқартуға, тұрғын үйлерді, шаруашылық құрылыстарды және әлеуметтік инфрақұрылым объектілерін қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.

         Өрт сөндіру пунктінің ашылуы азаматтық қорғау жүйесін дамытуға және ауылдық жерлерде қауіпсіздік деңгейін арттыруға бағытталған Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Ауыл құтқарушылары" ведомстволық бағдарламасын іске асыру шеңберінде өтті. Нысан жергілікті бюджет қаражаты есебінен салынды.

          Салтанатты шараға Маңғыстау облысы ТЖД бастығының бірінші орынбасары азаматтық қорғау подполковнигі  М.А.Қараев сондай-ақ Маңғыстау ауданының әкімі Ғ.М.Ниязов  қатысты.

         Пункт қажетті өрт сөндіру техникасымен және тәулік бойы әрекет етуге дайындығын қамтамасыз ететін жабдықтармен жабдықталған. Жеке құрам үшін қызметті тиімді және қауіпсіз атқару үшін жағдайлар жасалған.

         Нысанның ашылуы өртке қарсы қорғанысты нығайту мен Қызан ауылы тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі маңызды қадам болды.

Маңғыстау облысының ТЖД