
Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің "Ауыл құтқарушылары" ведомстволық бағдарламасын іске асыру шеңберінде Шетпе аудан орталығынан 126 км қашықтықта орналасқан, 2188 адам тұратын Сайотес ауылында өрт сөндіру пунктінің салтанатты ашылуы өтті.
Өрт пунктін құру бөлімшелердің оқиға орнына келу уақытын едәуір қысқартуға және халықты, тұрғын үйлер мен инфрақұрылым объектілерін сенімді қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Пункт қажетті өрт техникасымен және жабдықтармен жабдықталған, бұл өрттерге және өзге де төтенше жағдайларға тәулік бойы ден қоюға дайындықты қамтамасыз етеді.
Жаңа өрт пунктінде тиімді және қауіпсіз жұмыс істеу үшін жағдай жасалған дайындалған құтқарушылар қызмет атқаратын болады. Нысанның ашылуы сонымен қатар жаңа жұмыс орындарын құруға және жергілікті жерлерде азаматтық қорғау жүйесін нығайтуға ықпал етеді.
Салтанатты шараға ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Азаматтық қорғау полковнигі Е.А.Төрегелдиев және Маңғыстау облысы ТЖД бастығы М.С.Мұханов сондай-ақ Маңғыстау ауданының әкімі Г.М.Ниязов қатысты.
Бұл жобаны іске асыру жергілікті атқарушы органдардың қолдауының арқасында мүмкін болды.
Сайөтесте өрт сөндіру бекетін ашу ауыл тұрғындарының қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі және төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайтудағы маңызды қадам болып табылады.
Маңғыстау облысы ТЖД