
Маңғыстауда "Ауыл құтқарушылары" ТЖМ ведомстволық бағдарламасын іске асыру шеңберінде ауылдық жерлерде ерікті өртке қарсы бөлімшелерді нығайту жалғасуда.
Маңғыстау облысы Маңғыстау ауданы Ұштаған ауылында ҚР ТЖМ Өртке қарсы қызмет комитетінің төрағасы Азаматтық қорғау полковнигі Е.А.Төрегелдиев Маңғыстау облысы ТЖД бастығы полковник М.С.Мұханов және Маңғыстау ауданының әкімі Ғ.Ниязовтың қатысуымен жаңа өрт сөндіру пунктінің салтанатты ашылуы өтті, сондай-ақ ауыл тұрғындары қатысты.
Өрт сөндіру пунктін салу және жарақтандыру жергілікті бюджет қаражаты есебінен жүзеге асырылды. Жобаны іске асыру өрт қауіпсіздігі деңгейін арттыруға және ауылдық жерлердегі төтенше жағдайларға жедел ден қоюға бағытталған.
Жаңа өрт сөндіру бекеті Ұштаған ауылының 1325-тен астам тұрғынын, сондай-ақ жақын маңдағы елді мекендерді қорғауды қамтамасыз ететін болады. Ұштаған, Шетпе ауданының орталығынан оңтүстік-шығысқа қарай 55 км жерде, теңіз деңгейінен 172 метр биіктікте орналасқан. Оның ашылуы өрт-құтқару бөлімшелерінің оқиға орнына келу уақытын едәуір қысқартуға мүмкіндік береді.
Өңірлерде, әсіресе ауылдық жерлерде өрт инфрақұрылымын дамыту азаматтық қорғау жүйесінің маңызды міндеті және орталық және жергілікті атқарушы органдардың тиімді өзара іс-қимылының көрнекі мысалы болып табылады.
Өрт сөндіру бекеті қажетті техникамен және жабдықтармен жабдықталған, жеке құрамның тәулік бойы кезекшілігі үшін бар жағдай жасалған, бұл халықтың өмірі мен мүлкін сенімді қорғауды қамтамасыз етуге мүмкіндік береді.
Маңғыстау облысы ТЖД