Жаңаөзенде төтенше жағдайлар саласының мамандары мен азаматтар марапатталды

Жаңаөзенде төтенше жағдайлар саласының мамандары мен азаматтар марапатталды

Жаңаөзен қаласы Төтенше жағдайлар бөлімінің мамандары мен өрт сөндіру көлігінің жүргізушілері кәсіби қызметі, жедел әрі үйлесімді әрекеттері үшін қала әкімдігі тарапынан алғыс хаттармен марапатталды.

Сонымен қатар, Жаңаөзен қаласының Самал шағын ауданында орналасқан 6-үйде орын алған өрт кезінде көрсеткен ерлігі мен батылдығы үшін азаматтар Дениев Руслан және Манас Бектурганов қала әкімінің алғыс хатымен марапатталды.

Аталған марапаттар төтенше жағдайлар кезінде кәсіби мамандар мен қарапайым азаматтардың адам өмірін сақтауға қосқан елеулі үлесі мен жоғары жауапкершілігінің айқын дәлелі болып табылады.

Маңғыстау облысы ТЖД