
Қазіргі уақытта Маңғыстау облысының аумағында Төтенше жағдайлар департаменті Полиция департаментімен бірлесіп «Пиротехника» профилактикалық акциясын өткізуде.
Іс-шараның негізгі мақсаты – сертификатталмаған, өрт және жарылыс қаупін тудыратын пиротехникалық бұйымдардың заңсыз сатылуының алдын алу, сондай-ақ сауда орындарында өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуын бақылау.
Тексеру барысында пиротехникалық өнімнің белгіленген талаптарға сәйкестігін растайтын құжаттардың болуы, оларды сақтау және сату шарттарының сақталуы қадағаланады. Заң талаптарын бұзған тұлғаларға қатысты әкімшілік шаралар қолданылады.
Төтенше жағдайлар департаменті азаматтарды пиротехникалық бұйымдарды тек рұқсат етілген сауда орындарынан сатып алуға және оларды пайдалану кезінде қауіпсіздік талаптарын қатаң сақтауға шақырады.
Маңғыстау облысы ТЖД