Судағы ТЖ-ға дайындық: құтқарушылар сүңгуірлік түсулерді пысықтады

Судағы ТЖ-ға дайындық: құтқарушылар сүңгуірлік түсулерді пысықтады

01-24 желтоқсан аралығында Маңғыстау облысы ТЖД жедел құтқару жасағының қызметкерлерімен 3-ші топтағы 3-ші сыныпты сүңгуірлерді даярлау бағдарламасы бойынша жоспарлы оқыту өтті.

          Оқытуға 16 құтқарушы қатысты. Оқыту аясында құтқарушылар теориялық және практикалық дайындықтан өтті. Оқыту барысында 3-сыныпты сүңгуірге: жақсы жүзу, сүңгу және зардап шеккендерді судан шығару, суға батып бара жатқан адамның үрейден ұстап алуынан және зардап шегушіні жүзіп сүйреу, судағы жазатайым оқиғалар кезінде зардап шеккендерге алғашқы медициналық көмек көрсету, сығылған ауадағы сүңгуір аппараттарын және жұмыста қолданылатын сүңгуірлік жабдықтардың басқа түрлерін пайдалануға дайындау және жұмыс тексерісін жүргізу қажет, пайдаланылатын сүңгуірлік жабдық пен жабдықтың ұсақ зақымдануын жою, суға батқан затты іздеу және акваторияларды тексеру бойынша білім алды.

         Алдымен  жеке құрам оқытудың теориялық бөлігін тапсырды, ал бүгін су арнасы аумағында сүңгуірлерді теңізге түсіруді пысықтау практикалық кезеңін өтті. Тәжірибе барысында құтқарушылар сүңгуірлік жабдықтарды дайындау тәртібін, қауіпсіз түсіру техникасын және сүңгуірлік жұмыстарды орындау кезіндегі өзара іс-қимылды пысықтады.

Оқытуды жедел-құтқару жасағының сүңгуірлік бөлімшесінің басшысы              Тимур Владимирович Аминов жүргізді

         Мұндай сабақтарды өткізу құтқарушылардың кәсіби даярлығын және олардың судағы төтенше жағдайлар кезіндегі іс-қимылдарға дайындығын арттыруға бағытталған.

Маңғыстау облысы ТЖД