«Қауіпсіз Жаңа жыл» профилактикалық іс-шаралары өткізілді

«Қауіпсіз Жаңа жыл» профилактикалық іс-шаралары өткізілді

Жаңа жыл мерекесі қарсаңында Ақтау қаласы аумағындағы сауда нысандарында «Қауіпсіз Жаңа жыл» атты профилактикалық іс-шаралар жүргізілді. Іс-шара барысында нысандарда орнатылған жаңа жылдық шыршалардың қауіпсіз безендірілуі мен орналастырылуы, сондай-ақ өрт қауіпсіздігі талаптарының сақталуы тексерілді.

Тексеру кезінде шыршалардың тұрақты еденге мықтап бекітілуіне, тек зауытта жасалған электрлік гирляндаларды пайдалануға, сондай-ақ шыршаларды ғимараттардың эвакуациялық шығу жолдарына орналастыруға тыйым салынуына ерекше назар аударылды.

Профилактикалық іс-шаралардың негізгі мақсаты – өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету, төтенше жағдайлардың алдын алу және қала тұрғындары мен қонақтарының қауіпсіздігін сақтау.

Маңғыстау облысы ТЖД