Маңғыстауда төтенше жағдайлар кезінде дрондарды қолдану жөніндегі меморандум қабылданды

Маңғыстауда төтенше жағдайлар кезінде дрондарды қолдану жөніндегі меморандум қабылданды

Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаменті мен өңірлік цифрлық технологиялар басқармасы төтенше жағдайлар кезінде ұшқышсыз ұшу аппараттарын пайдалану жөніндегі өзара іс-қимыл туралы меморандумға қол қойды.

Құжат төтенше жағдайлардың алдын алу, салдарын жою, жағдайды жедел бағалау, іздестіру-құтқару жұмыстарын уақытылы жүргізу және халық қауіпсіздігін қамтамасыз етуге бағытталған.

Дрондар қиын қолжетімді аумақтарды бақылауға, ахуалды нақты бағалауға және адам өмірін сақтауға мүмкіндік береді. Меморандум аясында екі ведомствоның үйлесімді іс-қимылы мен ақпарат алмасу тетіктері нақтыланды.

Маңғыстау облысы ТЖД