
Сұлтаниев Сүндет Нұртайұлы Жаңаөзен қаласының 3-МӨСБ аға өрт сөндіруші құтқарушысы, азаматтық қорғау сержанты "Бейбіт күннің батыры" номинациясы бойынша "Жас тұлпар-2025"жастар сыйлығымен марапатталды.
"Жас Тұлпар-2025" облыстық жастар сыйлығының лауреаттарын марапаттау рәсімі "Хан Шахар"салтанат залында өтті.
Іс-шараға облыс әкімінің бірінші орынбасары: Ербол Күрентайұлы Ізбергенов қатысты, ол жастардың өңірді дамытудағы маңызды рөлін атап өтті.
Жыл сайынғы дәстүрлі іс-шарада "Жыл белсендісі" номинациясында спортта, өнерде, кәсіпкерлікте, қоғамдық қызметте, мемлекеттік мекемелерде ерекше көзге түскен жастар марапатталды.
Жеңімпаздарды құттықтаймыз!
Маңғыстау облысы ТЖД