
2025 жылғы 4–8 желтоқсан аралығында Түркия Республикасының Бурса қаласында өткен Alpagut спорт түрі бойынша Әлем чемпионатында 70 кг салмақ дәрежесінде Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкері Тілепов Нұрдаулет жоғары шеберлік танытып, Әлем чемпионы атанды.
"Алпағұт" сөзі "қасиетті күрескер" дегенді білдіреді. Бұл спорт түрі Орталық Азияда тұратын түркі халықтарының спортын дамытуды насихаттайды. Ол қазіргі заманғы жекпе-жек өнерінің элементтері негізінде ежелгі түріктердің ұлттық жекпе-жек өнері дәстүрін дамытуға бағытталған.
Нұрдаулет 2024 жылдың қыркүйек айынан бастап Маңғыстау облысы ТЖД-де автокөлік жүргізушісі лауазымында қызмет атқарып келеді. Ол бірнеше жекпе-жек спорт түрлерімен айналысады, атап айтқанда: қоян-қолтық ұрыс, панкратион, жекпе-жек, ММА және тағы басқа бағыттар бойынша республикалық жарыстардың жеңімпазы.
Сонымен қатар, "Naiza" кәсіби лигасында да өнер көрсетіп жүр. Қазіргі таңда оның кәсіби спорттық рекорды – 2 жеңіс, 1 жеңіліс.
Маңғыстау облысы ТЖД