
Сапардың негізгі мақсаты — Азаматтық қорғау органдарының қызметкерлері үшін жедел-құтқару жасағының құтқару бекетін, медициналық пунктін және демалыс орталығын салу жоспарланған аумақтарды қарап, тиісті жұмыстардың барысын бағалау.
Вице-министр Ақтау қаласында салынуы мүмкін демалыс орталығының жер телімін қарап шықты. Сонымен қатар жұмыс сапары барысында:
жаңа өрт сөндіру бөлімінің құрылысымен танысты;жедел-құтқару жасағында болды; Теңіз жасағында;Ақтау халықаралық теңіз сауда портындағы жағдаймен танысты;
Жаңаөзен қаласындағы «Қазақ газ өңдеу зауыты» ЖШС нысанында болды;
“Дунга” кен орнындағы өндірістік және қауіпсіздік процестерімен танысты.
Сапар қорытындысы бойынша Ерболат Садырбаев азаматтық қорғау саласындағы инфрақұрылымды жаңғырту, құтқарушылардың жұмыс жағдайын жақсарту, сондай-ақ өнеркәсіптік нысандардағы қауіпсіздік деңгейін арттыру жөнінде нақты тапсырмалар берді.
Маңғыстау облысы ТЖД