"Оазис" көпқабатты тұрғын үй кешеніндегі өрт-тактикалық оқу-жаттығу

"Оазис" көпқабатты тұрғын үй кешеніндегі өрт-тактикалық оқу-жаттығу

Ақтау қаласының "Оазис" тұрғын үй кешенінде Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің бөлімшелерімен өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.

Аңыз бойынша, шартты өрт жетінші қабатта, пәтерлердің бірінің балконында болған, бұл қатты түтінге және өрттің көрші бөлмелерге таралу қаупіне әкелді.

Өрт сөндіру бөлімшелері жедел түрде баралау жүргізіп, тұрғындарды қауіпсіз жерге көшіріп, оқпандарды биіктікке көтеріп сондай-ақ жану ошағын ғимараттың сыртынан және ішінен  сөндіруге тырысты. Құтқарушылар зардап шеккендерді жоғарғы қабаттардан алып шығып және оларды дәрігерлерге беру бойынша іс-қимылдарды пысықтады.

Шартты өртті жою үшін ТЖД күштері мен құралдары тартылды: 14 бірлік өрт құтқару техникасы, жеке құрамнан 50 адам және апаттар медицинасы орталығының қызметкерлері болды.

Оқу-жаттығу бөлімшелердің көпқабатты тұрғын үйлердегі төтенше жағдайларға дайын екенін растады.

Маңғыстау облысы ТЖД