
Өрт қауіпсіздігі айлығы аясында аз қамтылған отбасыларға газосигнализатор орнатылды Жаңаөзен қаласында өрт қауіпсіздігі айлығы аясында қала Төтенше жағдайлар бөлімі «ҚазТрансГазАймақ» АҚ және «РЦКУ» Актау мекемесімен бірлесіп, аз қамтылған отбасылардың үйлеріне газосигнализаторлар орнату жұмыстарын жүргізді. Іс-шараның мақсаты – тұрмыстық газды пайдалану кезінде қауіпсіздік деңгейін арттыру және тұрғындар арасында өрт пен газдан улану жағдайларын болдырмау. Мамандар үйлерге барып, газ жабдықтарының жағдайын тексеріп, орнатылған сигнализаторлардың жұмыс істеу тәртібін түсіндіріп, тұрмыста өрт қауіпсіздігін сақтау жөнінде нұсқаулық өткізді.
Маңғыстау облысы ТЖД