Ақтау қаласындағы «Rixos Water World Aktau» қонақ үйінде өрт сөндіру тактикалық оқу-жаттығуы өтті

Ақтау қаласындағы «Rixos Water World Aktau» қонақ үйінде өрт сөндіру тактикалық оқу-жаттығуы өтті

Іс-шара барысында жеке құрамның өрт сөндіру кезіндегі жауынгерлік іс-қимылдарын жүргізу әдістерін жетілдіру және дайындық деңгейін тексеру мақсатында оқу-жаттығу ұйымдастырылды.

Шартты өртті сөндіруге Ақтау қалалық өртке қарсы қызмет гарнизонының шығу кестесіне сәйкес 85 жеке құрам және 16 бірлік негізгі, көмекші және арнайы өрт сөндіру техникасы жұмылдырылды.

Оқу-жаттығу кезінде бөлімшелердің іс-қимыл үйлесімділігі тексеріліп, өрт туындаған жағдайда қонақ үйге келушілер мен қонақ үй әкімшілігінің әрекеттері пысықталды.

Маңғыстау облысы ТЖД