Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы Saya Park сауда орталығында іс-шара ұйымдастырды

Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы Saya Park сауда орталығында іс-шара ұйымдастырды

Ақтау қаласының Төтенше жағдайлар басқармасы тұрғындар арасында өрт қауіпсіздігі мәдениетін арттыру мақсатында Saya Park сауда орталығында түсіндіру іс-шарасын өткізді.Шара барысында өрт сөндіру техникасы мен фотокөрме таныстырылып, келушілерге және кәсіпкерлерге өрт қауіпсіздігі талаптары бойынша нұсқаулықтар берілді.Сонымен қатар, балаларға арналған викторина ұйымдастырылып, белсенді қатысушыларға сыйлықтар табысталды. Іс-шараның мақсаты – азаматтардың қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, өрттің алдын алу және төтенше жағдайлардың алдын алу бағытындағы шаралардың маңыздылығын түсіндіру.

Маңғыстау облысы ТЖД