
Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар департаментінде ұлттық мереке – Республика күніне орай салтанатты жиын өтті.Іс-шара барысында Департамент бастығының бірінші орынбасары, азаматтық қорғау подполковнигі Мирбек Амонқосұлы Караев қызметтік борышын адал атқарып, жоғары кәсіби шеберлік танытқан бірқатар қызметкерлерді марапаттады.Марапат иелеріне алғыс хаттар мен төсбелгілер табысталды.
Бұл іс-шара құтқарушылардың қоғам қауіпсіздігін қамтамасыз етудегі еңбегін мойындап, олардың кәсіби абыройын арттыруға бағытталған.
Маңғыстау облысы ТЖД