Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасында ашық есік күні өтті

Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасында ашық есік күні өтті

25 қазан — Республика күніне орай Ақтау қаласы Төтенше жағдайлар басқармасы Маңғыстау облысының білім басқармасының Ақтау қаласы бойынша білім бөлімінің «№26 «Қарлығаш» бөбекжайы» жедел басқару құқығындағы мемлекеттік коммуналдық қазыналық кәсіпорнынан келген 120 бүлдіршінге арнап ашық есік күнін ұйымдастырды.Іс-шараның мақсаты — жас бүлдіршіндердің қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру, өрт сөндіру қызметінің жұмысымен таныстыру және төтенше жағдайлардың алдын алу шаралары жөнінде түсінік беру.Іс-шара барысында балалар өрт сөндіру автокөлігінің құрылысымен танысып, арнайы киімдер мен құралдарды өз көздерімен көрді. Сонымен қатар, бүлдіршіндер өрт сөндірушілердің қызметі туралы қызықты мәліметтер алып, басқарманың мұражайын аралады.Төтенше жағдайлар басқармасының мамандары балаларға төтенше жағдайлар кезінде өзін-өзі ұстау ережелері мен қауіпсіздік шаралары туралы айтып, сұрақтарына жауап берді.Мұндай іс-шаралар жас ұрпақтың қауіпсіздік саласына деген қызығушылығын арттырып, қоғамда қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға үлес қосады.

Маңғыстау облысы ТЖД