Қызметке адалдық — темірге де жан бітіреді

Қызметке адалдық — темірге де жан бітіреді

Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің теңгерімінде тұрған 1985 жылғы ЗиЛ-131 автокөлігіне жаңа өмір берілді.Маңғыстау облысы ТЖД жеке құрамы өз қолымен автокөліктің шанағына СНПЭ-500/10 су сору құрылғысын орнатып, техниканы қайта іске қосты.Жаңартылған автокөліктің басты артықшылығы — оны электр желілеріне қоспай-ақ, толықтай автономды режимде пайдалану.Жеке құрамның бастамашылдығы мен жанашыр еңбегінің арқасында көлік қайта сапқа қосылды. Бұл – қызметіне адал, өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын құтқарушылардың бірлігінің айқын көрінісі.Бүгінде жаңғыртылған ЗИЛ өңірдің қауіпсіздігін қамтамасыз ету ісінде сенімді көмекшіге айналатыны сөзсіз.

Маңғыстау облысы ТЖД