«Caspi Bitum» нысанында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті

«Caspi Bitum» нысанында өрт-тактикалық оқу-жаттығу өтті

Ақтау қаласының өндірістік аймағы №5, 65 мекенжайында орналасқан «Caspi Bitum» ЖШС резервуарлық паркінде өрт-тактикалық оқу-жаттығу өткізілді.Іс-шараның мақсаты – қызметкерлердің іс-қимыл үйлесімділігін арттыру, төтенше жағдайлар кезінде жедел әрекет ету дағдыларын жетілдіру және нысандағы өрт қауіпсіздігін қамтамасыз ету.Оқу-жаттығуға Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің өрт сөндіру бөлімшелері мен нысанның азаматтық қорғау қызметкерлері қатысты.Жаттығу барысында шартты түрде мұнай өнімдері сақталатын резервуарда өрт шыққан жағдай пысықталды. Өрт сөндірушілер апат орнын барлау, жедел әрекет ету, күш пен құралдарды шоғырландыру және өрттің таралуына жол бермеу бойынша іс-қимылдарын көрсетті.Нысан қызметкерлері алғашқы хабарлау, қызметкерлерді қауіпсіз аймаққа көшіру және өрт сөндіру бөлімшелеріне жәрдем көрсету бойынша тапсырмаларды орындады.Оқу-жаттығу қорытындысында төтенше жағдай кезінде бөлімшелер мен нысан қызметкерлерінің өзара іс-қимыл деңгейі бағаланып, анықталған кемшіліктер бойынша ұсыныстар берілді.

Мұндай оқу-жаттығулар өндірістік нысандардағы өрт қауіпсіздігін арттыруға және қызметкерлердің кәсіби даярлығын жетілдіруге бағытталған.

Маңғыстау облысы ТЖД