Жаңаөзен қаласында «Жас құтқарушы» жобасы аясында меморандумға қол қойылды

Жаңаөзен қаласында «Жас құтқарушы» жобасы аясында меморандумға қол қойылды

Жаңаөзен қаласындағы Қашаған Күржіманұлы атындағы №8 жалпы білім беретін мектепте «Жас құтқарушы» жобасы шеңберінде өзара ынтымақтастық туралы меморандумға қол қойылды.

Шараның негізгі мақсаты – оқушылар арасында төтенше жағдайлардың алдын алу мәдениетін қалыптастыру, қауіпсіздік негіздері бойынша білім мен дағдыларды арттыру және «Жас құтқарушы» бағыты бойынша жүйелі жұмыс жүргізу.

Меморандум шеңберінде:

  • мектеп оқушыларына арналған қауіпсіздік сабақтары мен жаттығу эвакуациялары өткізілетін болады;
  • төтенше жағдайлар қызметімен бірлескен тәжірибелік іс-шаралар ұйымдастырылады.

Іс-шараға Жаңаөзен қалалық Төтенше жағдайлар бөлімінің қызметкерлері мен мектеп әкімшілігі қатысты. Қатысушылар балалардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету – қоғамның ортақ міндеті екенін атап өтті.

Маңғыстау облысы ТЖД