Маңғыстау облысының құтқарушылары Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығы мен Құтқарушылар күнін салтанатты түрде атап өтті

Маңғыстау облысының құтқарушылары Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығы мен Құтқарушылар күнін салтанатты түрде атап өтті

Маңғыстау облысының құтқарушылары Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығы мен Құтқарушылар күніне арналған салтанатты іс-шара өткізді.

Іс-шараға облыс әкімі, азаматтық қорғау ардагерлері, мемлекеттік органдар мен күш құрылымдарының өкілдері қатысты.

Шара барысында қызметтік міндетін адал атқарған бірқатар қызметкерлер Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің және Маңғыстау облысы әкімінің марапаттары мен медальдарымен наградталды.

Маңғыстау облысы ТЖД