Республикалық «Informburo31», «7 арна» және облыстық «Mangystau» телеарналары, сондай-ақ «Маңғыстау», «Огни Мангистау» газеттері, «Otpannews» сайты мен Қоғамдық коммуникация орталығының тілшілерінің қатысуымен пресс-тур өткізілді. Шараға Департамент бастығының бірінші орынбасары спикер ретінде қатысып, азаматтық қорғау органдарының қызметін насихаттау мақсатында ақпарат берді. Пресс-тур барысында мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі, жедел құтқару жасағы және кинология бөлімдерінің қызмет барысы мен заманауи техникалық базасы таныстырылды.
Маңғыстау облысы ТЖД