Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына және 19 қазан – Құтқарушылар күніне орай Маңғыстау облысында өрт-құтқару спорты бойынша жарыс жоғары деңгейде өткізілді. Бұл додада өрт сөндіруші-құтқарушылар кәсіби шеберліктері мен физикалық дайындықтарын сынға салды. Жауынгерлік қанат жаю бойынша:1 орын – Ақтау қаласы №13 өрт сөндіру бөлімі,2 орын – Ақтау қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі,3 орын – Мұнайлы ауданы №12 өрт сөндіру бөлімі. Шабуыл сатысымен оқу мұнарасының 4-қабатына көтерілу бойынша жекелей нәтиже:1 орын – Рахметов Серік, Қызылсай ауылы №9 өрт сөндіру бөлімі,2 орын – Сапар Нұргелді, Жетібай ауылы №10 өрт сөндіру бөлімі,3 орын – Құлмағанбет Адайбек, Ақтау қаласы №13 өрт сөндіру бөлімі. Жалпы командалық есеп бойынша 4-кезең нәтижесі: 1 орын – Ақтау қаласы №2 мамандандырылған өрт сөндіру бөлімі,2 орын – Жетібай ауылы №10 өрт сөндіру бөлімі, 3 орын – Мұнайлы ауданы №12 өрт сөндіру бөлімі. Осындай жарыстар өрт сөндірушілердің кәсіби дайындығын арттырумен қатар, әріптестік пен командалық рухты нығайтуға зор үлес қосады. Қатысушыларға алғыс білдіре отырып, алдағы жарыстарда сәттілік тілейміз.
Маңғыстау облысы ТЖД