Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған «30 игі іс» республикалық бастамасы аясында «Секунд барлығын шешеді» тақырыбында жоспарлы іс-шара өткізілді.
Аталған шараның мақсаты — тұрғындардың төтенше жағдайлар кезіндегі, әсіресе жер сілкінісі жағдайындағы дұрыс іс-қимылдарын қалыптастыру және қауіпсіздік мәдениетін арттыру.
Іс-шара барысында Ақтау қаласы, 19 шағын ауданындағы №28 үйде орналасқан «Альбион» тұрғын үй кешенінің тұрғындары үшін оқу-жаттығу сабақтары ұйымдастырылды. Сабақ кезінде қатысушыларға жер сілкінісі кезінде қауіпсіз орындарға эвакуациялау, алғашқы әрекеттерді дұрыс орындау, құтқару қызметтеріне жедел хабарлау сияқты маңызды тақырыптар түсіндірілді.
Жаттығу барысында тұрғындар практикалық іс-қимылдар жасап, ТЖ саласындағы мамандардан кеңес алды. Шараға Маңғыстау облысының Төтенше жағдайлар қызметкерлері қатысты.
Мұндай іс-шаралар тұрғындардың қауіпсіздікке деген жауапкершілігін арттырып, болашақта төтенше жағдайларға дайын болуға ықпал етеді.
Маңғыстау облысы ТЖД