Жаңаөзенде тұрғындарға алғашқы өрт сөндіру құралдары таратылды

Жаңаөзенде тұрғындарға алғашқы өрт сөндіру құралдары таратылды

«30 игі іс» акциясы аясында Жаңаөзен қалалық полиция басқармасы мен төтенше жағдайлар бөлімі бірлесе отырып, қала тұрғындарына алғашқы өрт сөндіру құралдарын (огнетушитель) таратылды.
Іс-шара барысында мамандар азаматтарға өрт сөндіргіштің қолдану ережелерін түсіндіріп, тұрмыстық қауіпсіздік бойынша кеңестер берді. Мұндай игі істер халықпен тығыз қарым-қатынас орнатуға, қауіпсіздік мәдениетін нығайтуға септігін тигізеді. Аталған бастама алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.

 

Маңғыстау облысы ТЖД