“30 игі іс - балаларға қуаныш көзі”.

“30 игі іс - балаларға қуаныш көзі”.

Ағымдағы жылдың 25 қыркүйек күні, Қарақия ауданы Құрық ауылындағы “Облыстық санитарлық мектеп-интернаты” КММ-нің оқушыларына арналған іс-шара аясында, “30 игі іс жоспарына сәйкес, №7 Өрт сөндіру бөлімінің және Жедел құтқару жасағының қызметкерлерімен бірлесіп ашық есік күнін ұйымдастырылды. Іс-шара барысында оқушыларға қызметкерлер арнайы техника мен жабдықтарды таныстырып, олардың қолдану тәсілдерін көрсетті. Бұл іс-шара оқушылардың танымдық қабілетін арттырып қана қоймай, оларға қуаныш сыйлады.

 

Маңғыстау облысы ТЖД