30 игі іс: «Құтқарушылармен бір күн» акциясы өтті

30 игі іс: «Құтқарушылармен бір күн» акциясы өтті

Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» әлеуметтік жобасы аясында Маңғыстау облысы Төтенше жағдайлар департаментінің қызметкерлері (ТЖЖБ, АҚБ, ЖҚЖ, Ақтау қ. ТЖБ) АМО және «Теңіз жасағы» АҚ «Құтқарушылармен бір күн» атты акция ұйымдастырды. Іс-шара барысында жас құтқарушылар, оқушылар мен жасөспірімдер құтқарушылардың күнделікті қызметімен, авариялық-құтқару құрал-жабдықтары мен техникаларымен, сүңгуірлер мен кинологиялық қызметтермен тереңірек танысты.
Өрт қауіпсіздігі бойынша жарыстар өткізіліп, қатысушыларға алғашқы медициналық көмек көрсету тәсілдері үйретілді. 🚑❤️‍🩹

Акция жастардың қауіпсіздік мәдениетін арттыруға, құтқарушылардың жауапты еңбегін насихаттауға және жас буынды отансүйгіштікке тәрбиелеуге бағытталды.

 

Маңғыстау облысы ТЖД