Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік дағдылары пысықталды

Жер сілкінісі кезіндегі қауіпсіздік дағдылары пысықталды

Студенттер мен оқытушылардың жер сілкінісі кезіндгі іс-әрекет дағдыларын жетілдіру, авариялық-құтқару және шұғыл жұмыстарды жүргізу тәсілдерін меңгерту, сондай-ақ өзін-өзі құтқару мен өзара көмек көрсету әдістерін үйрету мақсатында Ш. Есенов атындағы Каспий технологиялар және инжиниринг университетінің бас корпусында Департаменттің Төтенше жағдайларды жою басқармасы, Азаматтық қорғаныс басқармасы және Апаттар медицинасы орталығының қызметкерлерімен бірлесе отырып оқу-жаттығу іс-шаралары өткізілді.
Іс-шара барысында:
Жер сілкінісі кезінде ұстаздар мен студенттердің дұрыс іс-қимылдары түсіндіріліп, қауіпсіздікті сақтау жолдары көрсетілді.
Жеке қорғаныш құралдарын дұрыс пайдалану тәртібі үйретіледі.
Шартты дабыл бойынша жаппай эвакуациялау жүргізіліп, шұғыл жағдайларда адамдарды қауіпсіз жерге шығару жаттығуы пысықталады.
Бұл жаттығулардың негізгі мақсаты – университет ұжымы арасында ықтимал шығындарды барынша азайту, төтенше жағдай орын алған жағдайда әрбір адамның әрекет ету алгоритмін нақты білуін қамтамасыз ету болып табылады.

 

Маңғыстау облысы ТЖД