Қазақстан Республикасы Төтенше жағдайлар министрлігінің 30 жылдығына арналған «30 игі іс» әлеуметтік жобасы аясындағы қайырымдылық шаралары жалғасуда. Бұл жолы Департаменттің Төтенше жағдайларды жою басқармасы, Анықтау бөлімі мен Жедел-құтқару жасағының қызметкерлері бірлесе атсалысты. Ақтау қаласындағы «Шанс» Жануарларды қорғау қайырымдылық қорының аумағында Департамент қызметкерлері қараусыз қалған иттерге арнап шағын үйшіктер жасап, жануарларға арналған азық-түліктерді жеткізді. Сонымен қатар, қорға қызмет көрсетіп жүрген еріктілерге қолдау білдіріп, қайырымдылық қорына өз үлестерін қосты. Бұл бастама жан-жануарларға деген қамқорлықты арттырып, қоғамдағы мейірім мен ізгілікті насихаттауды көздейді.
Маңғыстау облысы ТЖД