Бүгін Ақтау қаласында Қазақстан Республикасы Конституциясының 30 жылдығына орай жас өрт сөндіруші-құтқарушылардың ант қабылдау салтанаты өтті.
42 жас қызметкер халыққа адал қызмет етуге, адамдардың өмірі мен қауіпсіздігін қорғауға ант берді.
Іс-шара барысында ҚР Төтенше жағдайлар министрінің бұйрығымен бірқатар құтқарушылар мерзімінен бұрын арнайы атақтар мен грамоталарға ие болды. Сонымен қатар, 3 полиция қызметкеріне “Суға батқандарды құтқарғаны үшін” медалі табысталды. Чернобыль АЭС апатын жоюға қатысқан 4 ардагер “Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін” төсбелгісімен марапатталды.
Бұл марапаттар – азаматтық қорғау органдарындағы қызметтің әрбір қызметкерден ерлік пен төзімділікті, іске адалдықты талап ететінін айғақтайтын құрмет белгісі
Маңғыстау облысы ТЖД